Қордай: Асарлатып үй берілді

Қордай: Асарлатып үй берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Асар – халықтың қайырымдылығы мен ұйымшылдығын көрсетіп, ауқымды әрі  күрделі істерді бірлесе атқарудың айшықты  дәстүрі. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мүміндерді дін бауырына жәрдем етуге шақырып: «Кімде-кім дін бауырының мұқтаждығын өтесе, Алла Тағала оның мұқтаждығын өтейді.

Кімде-кім дін бауырының мұңына, дертіне шара тапса, Алла Тағала оны қиямет күніндегі қиыншылықтардың бірінен құтқарады», – деп сүйіншілеген. Осы игі өсиет аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жүзеге асқан «Ел үлесі – пәтерге» үлкен жобасы аясында Қордай ауданында қуанышты сәт орын алды.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы 863-баспана ретінде мешіт қызметкері  Ләззат Садуақасоваға пәтер кілтін табыстады. Берілген жаңа үй иесіне тек жақсылыққа толсын! Алла Тағала оны екі дүниеде де хайырлы баспана етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: