Мәулітті атап өту – Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншіліктің әрі құрметтің белгісі. Ардақты Пайғамбарымызға деген махаббат барлық нәрседен жоғары тұрады.
Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Кімде-кім Мені баласынан, әкесінен және жалпы адамдардың бәрінен артық жақсы көрмейінше, толық иман еткен болмайды», – деген. Осыған орай Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Барыс мөлтек ауданындағы «Нұр Ислам» мешітінде «Мәуліт» жыры оқылды.
Мәуліт айында Алла Елшісін (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) еске алып, жиналған жамағатқа викториналық сұрақтар қойылды. Белсенді қатысушыларға сыйлықтар беріліп, алғыстар айтылды. Осындай ізгі шаралар көп болып, сүннетті тірілткен момын мұсылмандарымыз әрқашан белсенді болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі