Мәулітте Құран оқу, хадистерді жеткізу, мұқтаждарға тамақ беру, тәтті тарату және басқа да рұқсат етілген істердің барлығы – сүннет амалдар болып саналады.
Оларды орындаған мұсылман мол сауапқа кенеледі. Ибн Омардан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағала бұл үмметті ешқашан адасудың үстіне жинамайды», – деген. Осы дәстүрлі игі амалға орай Қордай ауданы, Барыс мөлтек ауданындағы «Нұр Ислам» мешітінде «Мәуліт» айы құрметіне берекелі дастарқан жайылды.
Шараны мешіт имамы Зәйнуддин Жұмабайұлы ұйымдастырды. Жиналған жамағат алдында ауданның бас имамы Егізбаев Әлмұханбет сөз сөйлеп, Мәуліт айының мәні мен маңызы жайлы түсінік берді. Баршамызға Ислам дінінің көркем түрде таралуына үлес қосу тоқтамасын. Дінді абыроймен алып жүруді Алла нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі