Шариғатқа қайшы келмейтін әрбір ізгі іс – діннен. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Исламда бір жақсы жол түзіп кетсе, оған оның сауабы және одан кейін онымен амал еткендердің сауабы болады, ал бұл олардың сауабын кемітпейді.
Ал кім Исламда жаман жол түзіп кетсе, оған оның күнәсі және одан кейін онымен амал еткендердің күнәсі болады, ал бұл олардың күнәларын азайтпайды», – деген. Осы хадистің мәнін паш еткен үлкен рухани «Мәуліт» кеші Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылында өтті.
Шараға арнайы шақырылған қонақтар қатарында «Жусан» операциясымен елімізге оралған қандастарымыз да болды. Берекелі кештен нәр алған жандардың ғұмырына екі дүниеде де пайда берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі