Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағала – жомарт, жомарт құлдарын жақсы көреді. Алла Тағала – таза, тазаланғандарды жақсы көреді. Сондықтан үйлеріңіздің маңайын таза ұстаңыздар», – деген. Бұл хадис мұсылман баласының қоршаған ортаның тазалығына мән беруі – Алланың сүйікті құлдарының қатарынан болуға себеп екенін көрсетеді.
Осыған орай Жамбыл облысы, Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Әйел-қыздар жамағатының қатысуымен мешіттің ішкі бөлігі мен терезелері жуылып, жайнамаздар мен ғибадат орны мұқият тазаланды. Алла Тағала баршамызды тазаланған әрі тазалаушы сүйікті құлдарының қатарына қоссын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі