Қордай: Аудан әжелері мен әйел-қыздар жамағаты Мәуліт кешіне қатысты

Қордай: Аудан әжелері мен әйел-қыздар жамағаты Мәуліт кешіне қатысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мәуліт айы – Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірін насихаттап, сүннет амалдарын дәріптеудің, дініміздің асыл құндылықтарын ұлықтаудың берекелі мүмкіндігі. Бұл айда мешіттерде Аллаға мадақ айтылып, Пайғамбарымызға салауат жолданады, мәуліт жыры оқылады.

Алла Тағала Құранда Ахзаб сүресінде : «Расында, Алла және Оның періштелері Пайғамбарға салауат айтады. Уа, иман келтіргендер! Сендер де оған салауат айтып, сәлем жолдаңдар» – деп бұйырған. Сондай-ақ Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кім маған бір салауат айтса, Алла оған он салауат айтады», – деп. Тағы бір хадисте: «Кім маған бір салауат айтса, оған Алла он салауат айтады, оның он күнәсін кешіреді әрі дәрежесін он есеге көтереді», – деп сүйіншілеген.

Осыған орай Жамбыл облысы, Қордай ауданының әжелер алқасы мүшелері мен әйел-қыздар жамағаты ауданымызда өткен «Берекет сыры» Мәуліт кешіне қатысты. Қатысушылар «Мәуліт» жырын тыңдап, ғибратқа толы көріністерді тамашалады. Алла Тағала баршамызға екі дүниенің бақытын нәсіп етіп, Алла Елшісінің(оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) амалдарын жандандыратын үмбетінің қатарынан қылғай!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызмет

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: