ЖАМБЫЛ: «ҚҰРАН - ӨМІРІМІЗДІҢ ҰРАНЫ БОЛСЫН!»

ЖАМБЫЛ: «ҚҰРАН - ӨМІРІМІЗДІҢ ҰРАНЫ БОЛСЫН!»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Гродиково ауылы "Арынғазы" мешітінің ұстазы Малик Унгарбаев Ұлы Алла Тағаланың сөзі болған Құранды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін оқып, үйретуді жалғастыруда. Құран сауатты болуды талап етеді. Ұстазымыз Құранды мәнерлеп оқуға баулып, оны ежіктеп, әріптерді дұрыс шығарып, аяттарды бөліп-бөліп, тәжуид ережесіне сай оқытып үйретіп жүр.

Имандылық иірілген ауылымыздың ақсақалдары мен асыл аналары "Ұстаз ұрпағымыздың діни сауатын ашып жатыр" деп дән риза. Ұстаз ұрпағымызға Құран үйретсе, Құран ұрпағымызға бәрін үйретіп, тура жолға нұсқаушы, адастырмас жалғыз кітап" дейді қарияларымыз.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: