#Шу қаласында «Неке қию бөлмесі» ашылды

#Шу қаласында «Неке қию бөлмесі» ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қаласындағы «Кәрібай молда» мешітінде қуанышты жаңалық орын алды. Мешіт ұстазы Ғалия Байториеваның бастамасымен және жамағаттың қолдауымен арнайы «Неке қию бөлмесі» толық жабдықталып, халық игілігіне пайдалануға берілді.

Жаңадан ашылған бөлме ұлттық болмысымызды айшықтайтын қазақы нақышта жасақталған. Бұл игі іс – шариғат талабына сай отбасын құруға, жастардың некесін мешіт қабырғасында қиюға мүмкіндік бермек.

Мешіт жамағаты бұл қадамды рухани құндылықтарды дәріптеудің, жаңа шаңырақ көтерушілерге қолдаудың бір көрінісі деп бағалады.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: