#Шу: Облыс бас имамының Шу ауданына сапары

#Шу: Облыс бас имамының Шу ауданына сапары

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыстың бас имамы Асқар қажы Зәкіржанұлы Шу ауданына арнайы іс-сапармен ат басын бұрды. Сапар барысында ол «Төле би» мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлымен бірге қалалық «Кәрібай молда» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Құрылысы қарқынды жүріп жатқан асхана, жамағатқа арналған дәрісханалар, сондай-ақ мешіттің іші-сыртқы жағдайы назардан тыс қалмады. Облыс имамы жұмысты жоғары бағалап, бастамаларға сәттілік тіледі.

Өз кезегінде Талғат имам да алдағы уақытта ауқымды жоспарлардың жүзеге асатынын айтып, жамағатпен бірге мешіттің қызметін жандандыруға күш салатынын жеткізді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: