#Шу: Дін мен дәстүр сабақтастығы – рухани жаңғырудың өзегі

#Шу: Дін мен дәстүр сабақтастығы – рухани жаңғырудың өзегі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Муфтиятымыздың осы жылды «Дін мен Дәстүр жылы» деп жариялауына орай Шу қаласындағы «Жиенбет Жексенбай» мешітінде тағылымды шара өтті. Кәсіпкер Әлия Әділханқызы бастаған ізгі бастамаға ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер де қолдау көрсетіп, «Дін мен Дәстүр» тақырыбында үш бөлімнен тұратын мазмұнды семинар ұйымдастырылды.

Алғашқы бөлімде Ислам мен ұлттық құндылықтардың сабақтастығы сөз болды. «Ине – темірден жасалса да, жіпке сабақталмай пайдасы жоқ» деген мысалды алға тартқан ұстаздар халқымыздың ғасырлар бойы қалыптастырған өнегесі мен әдет-ғұрпы асыл дінімізбен біте қайнасып, бабаларымыздың керемет Ислам өркениетін құрғанын атап өтті. Сондай-ақ, «Заман бір орнында тұрмайды» деген ойды өрбітіп, халқымыздың үлкен нәубеттен де, ауыр сыннан да «Шүкір – Тәубесімен» абыроймен өтіп, бүгінгі бейбіт заманға жеткенін жеткізді.

Келесі сөзді алған ақсақалымыз батаның мәні мен киесі жайлы ой қозғап:
«Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас» – деп, жастарға біліммен бірге бата алудың да маңызын ерекше атап өтті.

Семинардың үшінші бөлімі дәстүріміздегі «Ас-су» берудің әдебі туралы болды. Сәрсенкүл апамыз адал ниеттен бастап, малдың дұрыс бауыздалуы, қазан-ошақтағы тазалық пен әрбір әрекеттің «Бисмилләмен» орындалуы – берекенің кепілі екенін түсіндірді.

Жиын соңында Құран-салауат оқылып, ақ батамен береке тілеп, дастарханнан дәм татылды. Бұл тағылымды шара – дін мен дәстүрдің егіз ұғым екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: