#Таласта Қойгелді батыр рухына арналған Құран жарысы өтті

#Таласта Қойгелді батыр рухына арналған Құран жарысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Талас топырағында ел қорғаған ер Қойгелді батырдың рухына тағзым жасалып, ұрпағына өнеге боларлық игі шара өтті. Аудандық «Қаратау Қажы би» мешітінде Жамбыл облыстық Құран жарысы ұйымдастырылып, қасиетті Құранның екі парасы бойынша жас қарилар бақ сынасты.

Жарыстың шымылдығын ашқан Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Нұрлан Мұрат Құран жарысының берекесін айтып, жас шәкірттерге батасын берді. Ал бабамыздың ұрпағы, ел ағасы Сарабек Ержігіт сөз сөйлеп, Қойгелді батырдың ел тарихындағы ерлігін еске алып, ұрпаққа рух берер өнеге қалдырудың маңыздылығын атап өтті.

Жарыстың әділ қазылар алқасында: Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы – Нұрлан Мұрат, ҚМДБ Құран секторының Жамбыл облысы бойынша өкілі, қари – Бірлік Жанарбекұлы, Талас аудандық «Қаратау Қажы би» мешітінің бас имамы – Жалғасбай Дүйсенбайұлы төрелік етті. Білім жарысында озат шыққан шәкірттер төмендегідей марапатталды: 1-орын – Мырзабек Рамазан (Тараз қаласы) – 150 000 тг 2-орын – Қали Дархан (Байзақ ауданы) – 100 000 тг 3-орын – Икрамов Мирас («Һибатулла Тарази» мешітінің шәкірті) – 75 000 тг 4-орын – Сайдуллаев Нұрлан (Талас ауданы) – 50 000 тг Әрбір қатысушыға ынталандыру сыйлықтары табысталып, көңілдері марқайып тарасты. Бұл – бабалар рухын дәріптеп, жастарды Құранға жақындата түскен тағылымды әрі рухани мәні терең шара болды. Қасиетті Құранның нұры елімізге бірлік пен береке әкелсін!

Талас аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: