Бесағаш ауылы, "Бесағаш" мешітінде тәжірибе алмасу мақсатында Өрнек ауылы Рәпілбек мешітінің молдасы Маулен Ибрагимов келіп, жиналған жамағатқа "Суицид - ғасыр дерті" тақырыбында уағыз-насихат айтты. "Қоғамымызда орын алып жатқан бұл қауіпті қылмыстың ең басты себебі имани тәрбиенің жетіспеушілігі екендігіне көз жеткізіп жүрміз.
Иман болмаған жерде күдік пен күпір қатар жүреді. Иманы әлсіз жандарды ібіліс азғырып, тура жолдан тайдыруға тырысады. Өмірдегі қиыншылықтар мен қателіктер үшін торығып, түңілуге салынып, өмірден баз кешіп, үмітсіз шайтанға ұқсауға болмайтындығын, мүминнің иманы мықты болуы керектігін ескертеді" деді молда.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі