ЖАМБЫЛ: «ПАРА БЕРУ МЕН ЖЕМҚОРЛЫҚ - АУЫР КҮНӘ»

ЖАМБЫЛ: «ПАРА БЕРУ МЕН ЖЕМҚОРЛЫҚ - АУЫР КҮНӘ»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев жамағатқа "Пара беру мен жемқорлық - ауыр күнә" тақырыбында уағыз-насихат айтты. Имам насихат барысында: "Пара жүрген жерде жауапкершілік деген болмайды.

Ислам параның қандай түріне болмасын тыйым салады. Тіпті сыйлық ретінде берілген параға да шариғатымызда тиым салынған. Ислам шариғатында жемқорлықтың үкімі харам. Яғни, үзілді-кесілді тыйым салынған үлкен күнәлар қатарына жатады.

Бұл жөнінде Қасиетті Құран Кәрімде: «Олар өтірікке құлақ салушы, арам жеушілер. (Мұхаммед Ғ.С.) егер олар саған келсе, араларына үкім бер, немесе олардан жүз бұр. Егер олардан жүз бұрсаң да, олар саған ешбір зиян бере алмайды. Ал егер араларына үкім берсең, тура үкім бер. Шәксіз Алла турашыларды сүйеді» деді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: