Аудандық "Бәйдібек" мешітінде бас имам Даурен Куттыбаевтың ұйымдастыруымен қоғамның осал топтарына жататын 40 ошаққа қайырымдылық көмек көрсетіліп, азық-түлік таратылды. Қайырымдылық - көмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандыларға) білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек.
Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Қайырымдылық - адамның асыл қасиеттерінің бірі. Осы жалған өмірде қандай да бір игілікті, қайырымды істеріміздің сыйы Алла тағаланың жәннаты екенін жадымыздан шығармай, соған амал етуге жазсын. Алла тағала осындай сауапқа ұмтылуды баршамызға нәсіп етсін!
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі