ЖАМБЫЛ: ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ

ЖАМБЫЛ: ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жасөркен ауылы, "Тұрыс" мешітінің имамы Бауыржан Досмұхамедов мешітке ауылдың жастарын арнайы жинап, "Жастар арасындағы діни сауаттылық" тақырыбында түсіндірме жұмысын жасады. Жастарға діни сауаттылықтың өмірде өз орнын табуға, мақсатқа жетуге ықпалын тигізетінін түсіндірді.

"Дінге толық таныммен, біліммен келмей шала сауатпен, эмоционалды сезіммен келіп, өзінің қалай адасқанын аңғармай жатады. Білімсіз адамның өзіне деген сенімсіздігі, дін төңірегіндегі сұрақтар туралы кішкене болса да ақпараттың болмауы, ненің ақ, ненің қара екенін ажырата алмай жатады. Жат ағым жетегінде жүрген азаматтардың басым көпшілігінің діни сауаты жоқ, сондықтан діни сауаттылықты арттырып, сақ болу қажет" деп түйіндеді сөзін имам.

 Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: