Аудандық "Бәйдібек" мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев мешітке жиналған жамағатқа "Адал еңбек-рухани байлықтың негізі" атты тақырыпта насихат жұмыстарын жүргізді. Еңбек арқылы адам тек материалдық байлыққа ғана емес, рухани кемелдікке де жетеді. Күн сайын бір істі тындырып, бір нәтиже көрген адам өзін қажет, маңызды сезінеді.
Бұл – өмір сапасының маңызды бөлігі. Ал керісінше, жалқаулық пен немқұрайлық адамның өзіне де, айналасына да зиян. Еңбектің бағасы оның адалдығына байланысты. Адам қандай кәсіппен айналысса да, адал жолмен табыс тапса, оның берекесі де мол, өмірге әсері де оң болады. Ал керісінше, әділетсіз жолмен келген дүние адамға түбінде опа бермейді. Бұл өмір заңдылығы.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі