Бесағаш ауылы, Бесағаш мешітінің молдасы Айтжан Керимов мешітке келген жамағатқа "Ысырапшылдық - Алла жақсы көрмеген іс" тақырыбында уағыз - насихат айтты.
Өз сөзінде: "Алланың берген нығметінен ішіңдер, жеңдер сонымен бірге дәулет артылып жатса жағдайы жоқтарға, кедей-кепшіктерге, жетім-жесірлерге, медресе, мешіт, балабақша, аурухана сияқты орындарға жұмсау зор сауапты іс. Сондай-ақ тәкаппарлыққа ұрындыратындай сырт көзге көрсету, мақтану ниетімен қымбат киіну де ысыраптың бір түріне жатады.
Сондықтан қаражатымызды жалпыға пайдасы тиетін жерге жұмсап, зияны тиетін істен аулақ болуымыз абзал. Себебі, Алла Тағала дүние-мүлікті пенделерге жақсылық жасауда үлкен мүмкіндік деп түсінуіміз керек" деп баяндады имам.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі