Облысымыздағы бірегей діни оқу орны - "Һибатулла Тарази" медресе-колледжіне Жамбыл ауданының атынан қысқы азық ретінде 700кг асқабақ жіберілді.
"Ас адамның арқауы" демекші, медресе шәкірттерінің қарны тоқ, көңілі тоқ болса, дәрістеріне мейлінше ықыласты болары анық. Тәні сау болу - адамның қоректенуіне байланысты болса, жаны сау болу - тәнінің саулығына байланысты. Демек, тән саулығы - руханияттың көтерілуіне өз септігін тигізеді. Әрқашан тоқшылық заман, еліміз тыныш та бейбіт, ұрпағымыз иманды болсын!
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі