#Шу: «Жәми» мешітінде Құран жарысы өтті

#Шу: «Жәми» мешітінде Құран жарысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Құран аяттарының қазақша мағыналарын терең түсінуге бағытталған тағылымды шара «Жәми» мешітінде ұйымдастырылды. Жарыс барысында жамағат мүшелері Құран аяттарынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады.

Бұл игі бастама Алланың сөзін тануға деген ықыласты күшейтіп, жамағаттың Құранға деген сүйіспеншілігін арттыра түсті.

Әділ қазы алқасының шешімі бойынша жарыс жеңімпаздары:

I орын – Нұрымжан Асқарұлы
II орын – Ержан Давирұлы
III орын – Жұмақан Аронұлы

Жүлделі орын алған қатысушыларға сый-сияпат табысталып, көпшілікке дастархан жайылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта да осындай Құран ілімін дәріптейтін жарыстар дәстүрлі түрде өткізілмек.

Ұйымдастырушылар жамағатқа арнаған тілектерінде:
«Алла Тағала баршамызды Құран ілімін меңгергендердің қатарына қоссын! Құранды үйреніп, оны өмірімізге басшылық ету – әрбір мұсылманның басты міндеті» – деп атап өтті.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: