Қордай: Һибатулла Тарази медресе-колледжіне ұшыр садақасы берілді

Қордай: Һибатулла Тарази медресе-колледжіне ұшыр садақасы берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұшыр – жерден шыққан өнімдерден берілетін зекет. Араб тілінде «ұшыр» – «оннан бірі» деген мағынаны білдіреді. Шариғатта жер өнімдерінен, яғни егін мен жеміс-жидектен зекет беру – парыз амал. Алла Тағала Құранда, «Уа, иман келтіргендер!

Тапқан нәрселеріңнің және Біз сендер үшін жерден шығарғандарымыздың жақсыларынан (қайырға, зекетке) жұмсаңдар» деп әмір еткен. Осыған орай Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортөбе ауылы «Сортөбе ауылдық» мешітінің жамағаты «Хибатулла Тарази» медресе-колледжіне ұшыр садақасын берді.

Жамағат тарапынан 250 қап, шамамен 8 тонна егістік өнімі садақа ретінде тапсырылды. Бұл игі амал – білім жолындағы жастардың қажеттілігіне қолдау көрсетіп, олардың діни білімін жетілдіруге үлес қосады. Алла Тағала қабыл болған садақа ретінде сауабын еселеп, ниетімізді хақ қылсын, мұратымыз асыл болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: