«Білімді талап ету – әрбір мұсылманға парыз», – делінген хадисте. Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Алла Тағала кімге жақсылық қаласа, оған дінді терең түсінуді нәсіп етеді» деген өсиеті білімнің артықшылығын айқындайды.
Осы орайда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылындағы «Рахман» мешітінде Мәуліт кеші өтті. Шара аясында мешіт жанындағы асханада айлық дастарқан ұйымдастырылды. Шалғай ауылдардан және аудан орталығынан келген жамағат бас қосып, дастарқаннан дәм татты.
Ақсақалдар сөз алып, елдің ынтымағы мен бірлігіне арнап бата берді. Аудандық «Қордай» мешітінің найб имамы Әнебеков Жанұзақ Рысбекұлы жамағатқа бірлік, ынтымақ жайлы тағылымды уағыз айтып, көпшілікті білім алуға шақырды. Шара соңында іс-шараға қолдау білдірген ауданның бас имамы Әлмұханбет Егізбаев және «Рахман» мешітінің имамы Нұрмұхаммед Кеулимжаевқа алғыс айтылды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі