Әйгілі табиғин Хасан әл-Басри ел билеушілері жайлы: «Олар біздің бес түрлі бағытта басшымыз әрі қорғанымыз: жұма намазына, жамағатымызға, мерекелерімізге, мемлекет шекарасының қауіпсіздігіне және қоғам ішіндегі тәртіпке.
Алламен ант етемін, дін аман тұруы үшін басшы қажет, тіпті өктемдік етсе де. Олардың өктемдіктерінен ел игілігіне тигізер пайдасы өте көп. Басшыға бойұсыну – құптарлық іс. Ал басшыны тыңдамау – Алланың берген нығметін қадірлемеу» – деген болатын. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортөбе ауылдық округіне жаңа аймақтық басшы таныстырылды. Бұл қызметке аудандық «Қордай» мешітінің найб имамы Жанұзақ Рысбекұлы тағайындалды.
Қызметтік жолы:
2013–2016 жж. – «Һибатулла Ат-Тарази» медресесінде білім алған;
2016–2019 жж. – «Нұр-Мүбарак» университетінде жоғары білім алған;
2019–2025 жж. – Талас ауданы, Қаратау қаласында имамдық қызмет атқарған. Жаңа қызметке кіріскен жас маманға Алланың жеңілдігі мен берекеті жолдас болып, абыройлы еңбегіне сәттілік тілейміз!
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі