Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) хадисінде: «Сендердің ең қайырлыларың – Құранды үйреніп, оны өзгеге үйреткендерің», – деп айтылған. Діни білім алу – ең пайдалы амалдардың бірі. Осы мақсатта Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Жамбыл ауылындағы «Әл-Хафиз» мешітінде Әйгүл Жолдасқызының бастамасымен әйел-қыздарға арналған діни сауат ашу курсы басталды.
Құлшыныспен жиналған әйел жамағатына алғашқы дәрістер оқыла бастады. Бұл игі қадам – парыз болған білімге жол ашып, ұрпақтың салиқалы болып өсуіне ықпал етпек. Алла баршамызға пайдалы әрі берекелі білім нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі