«Адам өміріндегі ең қымбат мекен – туған жер. Осы өніп-өскен жерімізден нәр алғаннан кейін, туған жерге қызмет ету – борыш. Дін жолында алған білімді елге жеткізу – үлкен сауапты амал». Осы ұлағатты ой аясында Қордай ауданының бас имамы Алмұханбет Егізбаев аудандық мешіттің имамдары мен молдаларын қабылдады.
Кездесуде дін қызметкерлерінің мешіттегі қызметі мен отбасылық жағдайына назар аударылды. Бас имам аянбай еңбек етіп жүрген дін қызметкерлеріне қажырлы қайрат, тұнық білім, көркем мінез және қабыл болған ізгі амалдар мен дұғалар тіледі. Алла жолында адал қызмет жасап жүрген имамдарға Алла разы болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі