Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қайнар ауылы «Қайнар» мешітінде аудан бас имамы Егізбаев Алмұханбет жұма намазын өткізіп, жамағатпен жүздесті. Қауымдасқан жамағаттың сұрақтарына жауап беріп, діни насихат айтты. Мәуліт айының қарсаңында өткен бұл жұмада аудан имамы Мәуліттің мәні мен мазмұнына тоқталып, оның тарихы мен үкімін түсіндірді.
Имам жамағатқа: «Мәуліт – дінде парыз немесе уәжіп етілген құлшылық емес. Дегенмен, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) деген сүйіспеншілікті арттырып, салауат айтуға, сүннетін насихаттауға себеп болатын шара. Егер ол шариғатқа қайшы істерден аулақ болса, пайдалы амал ретінде қабылданады», – деп түсіндірді. Алла Тағала жасаған құлшылықтарымызды қабыл етіп, Елшісіне (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) деген сүйіспеншілігімізді баянды етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



23 Қазан 2025
1 Джумада-авваль 1447

