Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Білімді талап ету – әрбір мұсылманға парыз», – деген. Сондай-ақ басқа бір хадисте: «Алла Тағала кімге жақсылық қаласа, оған дінді терең түсінуді нәсіп етеді», – деп білімнің артықшылығы айқын көрсетілген.
Осы орайда Жамбыл облысы Қордай ауданының «Қордай» аудандық мешітінде әйел ұстаздардың курстық емтиханы өткізілді. Емтиханға ұстаздар Эльмира Аманқожақызы, Әйгүл Жолдасқызы, Малика Аханқызы, Альбина Бақтиярқызы және Әдеміай Бахиқызы қатысты. Курстық сынақ барысында ұстаздар алған білімдерін қайталап, шыңдап, шәкірттерге үйретіп жүрген дәрістерінің сапасын арттырды.
Емтихан нәтижелері өте жақсы көрсеткішпен қорытындыланды. Бұл шара – ұстаздардың білімін жетілдіріп қана қоймай, қоғамдағы әйел-қыздарға діни тәлім-тәрбие берудегі жауапкершілігін одан әрі арттыра түсті. Алла баршамызға екі дүниемізге пайдалы білім мен салиқалы амал нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі