Қордай: Аудан бойынша дін қызметкерлері курстық емтихан тапсырды

Қордай: Аудан бойынша дін қызметкерлері курстық емтихан тапсырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құранда «білу» деген мағынаға саятын «илм» түбірінен туындаған 780 сөз кездеседі. Ғылымның маңыздылығын тереңірек ұғыну үшін онымен мағыналас «хикма» және ғалымды білдіретін «хаким» сөздерінің де жиі қолданылатынына назар аударған жөн.

Білім – ақыл мен парасаттың белгісі. Ислам дінінің адамзатқа қоятын басты талаптарының бірі – білім алу мен үнемі ізденісте болу. Осыған орай Жамбыл облысы, Қордай ауданының «Қордай» мешітінде аудан бойынша дін қызметкерлері курстық емтихан тапсырды.

Емтиханның негізгі мақсаты – қызметкерлердің білімін тексеру ғана емес, олардың үздіксіз ізденісін, білімін жетілдіруін және өз ісінің нағыз маманы болуын қамтамасыз ету. Алла Тағала баршамыздың ізгі амалдарымызды, жасаған құлшылықтарымызды, алған білімімізді екі дүниеде де пайдалы етсін!

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: