Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) хадисінде: «Адам баласы бұл өмірден өтсе, амал дәптері тоқтайды. Тек үш нәрсе жалғасады: үздіксіз садақа, пайдаға асқан білім және дұға жасайтын салиқалы ұрпақ», – делінген.
Осы сауапты істің жалғасы ретінде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қақпатас ауылындағы «Қақпатас» мешітінің имамы Жармахамбет Танаубайұлының ұйымдастыруымен ауылдағы тұрмысы төмен тұрғындарға қайырымдылық көмегі көрсетілді. Шараға атсалысқан барша жандарға Алланың нұры жаусын! Қабыл болған садақа болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



23 Қазан 2025
1 Джумада-авваль 1447

