Меркі ауданы, Қостоған ауылы «Ботбай баба» мешітінде «Нашақорлық құрдымға кетіреді» тақырыбында насихат айтылды.
Кездесу барысында «Жүніс молда» мешітінің ұстазы Есеналиев Еламан нашақорлықтың зияны мен кесірі турасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жас буынды зиянды әдеттерден сақтануға шақырды.
Уағыз барысында нашақорлықтың зардабы жайлы және темекі, электронды темекі, кальян шегудің адам өміріне келтіретін зияны кеңінен түсіндірілді. Алла Тағала адамның өмірі мен денсаулығын аманат еткенін, оған қасақана зиян келтіру — үлкен күнә екені еске салынды. Жастарға адал еңбек етіп, пайдалы істерге ұмтылудың, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы түсіндірілді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



23 Қазан 2025
1 Джумада-авваль 1447

