Қызылқайнар ауылы, "Бейсеу ата" мешітінің имамы Ермухамед Байсүгір мешіт жамағатына "Жүрек дерттері" тақырыбында насихат айтты. Расында жүректің дерті – ол күнәлар, ал оның дауасы – истиғфар айту. Адамдардың басына келетін барлық қиыншылықтар күнәлардың кесірінен келеді. Истиғфар айтқанда, яғни өкініп, тәубеге келгенде күнәлар өшіріледі. Жүрек дерттерінің емі көп.
Олар: көп зікір ету, уақытында құлшылық ету, күнәдан тыйылу, ізгі істерді көбейту, ата-ананың қызметін жасап, дұғаларын алу, отбасындағы аға-іні, апа-сіңліге қарайласу, ерлі-зайыптылар өзара жақсы қарым-қатынаста өмір сүру, қоғамдағы мұқтаж жандарға жәрдемдесу, жетімдердің басын сипау, қияметті көп еске алу, өлімді ұмытпау.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


23 Қазан 2025
1 Джумада-авваль 1447

