Гродиково ауылы, "Арынғазы" мешітінің ұстазы Малик Унгарбаев мешітке жиналған жамағатқа ақшам мезгілінде рухани- ағарту жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.
Ілім алу – кемшіліксіз жүзеге асу үшін ол ерте, балалық кезден бастау алып, пенденің көз жұматын сәтіне дейін жалғасуға тиіс болған, өз алдына ұзақ жұмыс. Алайда, егер сіз, оның маңызын біраз жасқа келіп барып ұғынған болсаңыз, ол да сізге тосқауыл емес. Алладан пайдалы ілім, сол ілімге ілесуге көмек күшін, еш пайдасы жоқ ілімнен бізді сақтауын сұраймыз. Ислам – рухани ілімнің негізі. Ұлттың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтары дін қағидаларымен үндесіп жатыр.
Дін дегеніміз тек сенім жүйесі емес, ол – өмір сүру мәнері, қарым-қатынас әдебі, моральдық нормалар жиынтығы, жақсы мен жаманды, адал мен арамды ажыратушы рухани қағидалар жүйесі. Сондықтан, дін мәселесі – руханият мәселесі. Дінді руханият негізі ретінде қарап, оның жасампаз құндылықтарын, рухани әлеуетін басты назарға алғанымыз жөн.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі