ЖАМБЫЛ: «ЖАТ АҒЫМНАН АУЛАҚ БОЛ!».

ЖАМБЫЛ: «ЖАТ АҒЫМНАН АУЛАҚ БОЛ!».

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Гродиково ауылы, "Арынғазы" мешітінің ұстазы Малик Унгарбаев мешіт жамағатына "Жат ағымнан аулақ бол!" тақырыбында уағыз-насихат жүргізді. Ислам діні – адамдарды татулыққа, бірлікке негіздейтін дін.

Қазіргі таңда Ислам атын жамылып, адамдарды түрлі сенімге адастырып, өз мүдделерініңорындалуын үгіттейтін жат ағымдардың еліміз ұстанып отырған ішкі, сыртқыбірлігіне сызат түсіріп, алауыздық отын өршітер індет іспеттес болып кеткен ағымдар аз емес. Жат ағымды жақтаушылар арасында жасөсіпірімдер де жиі кездеседі.

Жастарымыздың осындай қателіктерге ұрынуына басты себеп – дұрыс пен бұрыстың аражігін ажырата алмай ғаламтор беттеріндегі түрлі жат ағымдардың сайттарына кіруі. Діни сауаттылығы әлсіз адамдарды бұл үлкен қатерге алып баруда. Ұлттық құндылықтарымызға, ұстанып отырған салт-дәстүрімізге қайшы келетін жат ағымдар қоғамға да адамға да кері әсерін тигізбей қоймайды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: