Гродиково ауылы "Арынғазы" мешітінің ұстазы Малик Унгарбаев мешітке ауыл тұрғындары мен жамағатын жинап, "Нашақорлық құрдымға кетіреді" атты кездесу өткізіп, электрондық темекі, кальян шегу және т.б. зиянды әдеттердің шариғат тұрғысынан да, адамгершілік - моральдық тұрғыдан да тиым салынғанын баяндады.
Қазіргі уақытта жеке адамға және бүтіндей қоғамға қатер тудырып бара отырған дертті мәселелердің бірі – зиянды әдеттерге тәуелділік. Оның салдары күнәлі істердің жасалуы, қылмыстың көбеюі, отбасында берекетсіздік, бірліктің ыдырауы сияқты мәселелерге әкеліп соғуда.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


23 Қазан 2025
1 Джумада-авваль 1447

