Қаракемер ауылы, "Қаракемер" мешітінің имамы Дәулет Жансакалов, Жамбыл ауданы, білім бөлімінің "психологиялық- педагогикалық түзету кабинетіне" екі кілем сыйға тартты.
Біздің дініміз – бейбітшілік, махаббат пен мейірім діні. Сүйіспеншілікті тарату оның ажырамас бөлігі ал, сыйлық соның құралы. Сыйлықтар тарту ету біздің сүйікті Әз Пайғамбарымыздың с.а.у. сүннеті. Хадисте:«Сыйлық сыйлаңдар, сонда араларыңда сүйіспеншілік, бір-біріңе деген құрметтерің артады» - делінген.
Сыйлық сыйлаудағы шынайы мақсат – өзара қарым-қатынасты бекітіп, сүйіспеншілікті арттыру арқылы Алла разылығына ұмтылу екендігін айта кетейік. Елімізге, жерімізге қызмет әрбір отандасымыздың міндеті.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі



23 Қазан 2025
1 Джумада-авваль 1447

