ЖАМБЫЛ: ӘЙЕЛДЕР ЖАМАҒАТЫ МӘУЛІТ ӨТКІЗДІ

ЖАМБЫЛ: ӘЙЕЛДЕР ЖАМАҒАТЫ МӘУЛІТ ӨТКІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық "Бәйдібек" мешітінің жанындағы діни сауат ашу курсының ұстазы Жайна Бекназарова шәкірттерімен бірге, Құмтиын ауылы, "Ботабай" мешітінде мәуліт шәріп оқып, атап өтті.

Шарапатты мәуліт мерекесі біздің халқымызға да құтты болсын. Осынау айтулы мейрамның аясында Алла Елшісін (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жақсырақ танып, өсиеттерін тереңірек түсінуді  нәсіп етсін. Осы мереке адамдар арасындағы рақым-мейірімнің, имандылықтың, бауырмалдық-тың арта түсуіне бір сеп болғай. Пайғамбардың әміріне мойынсұнып, тыйымынан тыйылуға түрткі болғай.

Адамзаттың асыл тәжі, тектілердің төресі, асылдардың асылы, ізгілердің ізгісі, дегдарлардың дүрі, Пайғамбарлардың имамы, екі дүниенің бекзаты  Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Жаратқан Иеміздің жаратқан нәрселерінің санындай, аршысының салмағындай, Өзі разы болғандай сансыз салауаты мен сәлемі болсын!

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: