Тараз: Білім ‑ инемен құдық қазғандай

Тараз: Білім ‑ инемен құдық қазғандай

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы Кеңесхан қажы мешітінде балаларға арналған сауат ашу курсы басталды. Курстың негізгі мақсаты – Құран әріптерін үйретіп, дұрыс оқуды қалыптастыру, намаз оқу тәртібі мен дұғаларды меңгеру.

Сабақтар арнайы бағдарлама бойынша өтіп қатысушылар араб әліпбиін үйренуден бастап, Құран сүрелерін дұрыс оқуға мақыштанады. Сонымен қатар, діни білімді арттыруға бағытталған дәрістер де жүргізіліп, мұсылмандық әдеп пен имандылық жайлы түсініктер беріледі.

Пайғамбарымыз «Білім іздеу – әрбір мұсылманға парыз» ‑ деп өсиет еткендей, бұл курс жамағат үшін діни сауатын жетілдіруге үлкен мүмкіндік болды.

Мешіт имамдары мен ұстаздары ұйымдастырған бұл игі іс жамағаттың ынтасын арттырып, Алланың сөзіне деген сүйіспеншілікті күшейтеді. Сабаққа қатысушылар өз ризашылығын білдіріп, білім жолында еңбек етудің маңызын атап өтті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: