Тараз қаласы Ар-Рахман ар-Рахим мешітінде Зора Айдарбекова ұстаз бастаған бастаған арнайы тазалық компаниясы сенбілік ұйымдастырды. Сенбілік барысында мешіттің іші тазаланып, жамағаттың құлшылық жасауына қолайлы жағдай жасалды. Мұндай шаралар мешіттің көркін аша түсіп қана қоймай, жамағатты бірлікке, ізгілікке тәрбиелейді.
Пайғамбарымыз «Тазалық – иманның жартысы» деп өсиет еткен. Осыған орай барша жамағат сауапты іс жасап, игі амалға үлес қосты.
«Тазалық ‑ саулық негізі, саулық – байлық негізі» деген халық даналығы да осыны меңзейді. Осындай ізгі істеріміз қабыл болып, халқымыз әрдайым бірлікте болсын!



23 Қазан 2025
1 Джумада-авваль 1447

