Жамбыл облысы Зекет және қайырымдылық қорының өкілдігі "һибатулла Тарази" медресесіне ұшыр берілді.
Жамбыл облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдігі халыққа қызмет ету, мұқтаждарға қолдау көрсету және шәкірттердің рухани әрі материалдық тұрғыдан қамсыздандырылуына үлес қосу мақсатында игі істерді жалғастырып келеді.
Осы орайда, Қордай ауданының имамы Алмуханбетаранжан Егізбаевтың ұйымдастыруымен "һибатулла Тарази" медресесіне жалпы салмағы шамамен 9 тонна болатын 270 қап ауыл шаруашылық өнімдері жеткізілді.
Атап айтқанда, медресе шәкірттеріне қажетті азық-түлік ретінде төмендегідей өнімдер ұсынылды:
- Картоп – 137 қап
- Пияз – 106 қап
- Қызанақ – 5 қап
- Сарымсақ – 8 қап
- Редька – 8 қап
- Орамжапырақ – 6 қап және сәбіз – жеткізілді.
Қасиетті Құран Кәрімде: «Жақсылық жасаңдар, әрине Алла жақсылық жасаушыларды жақсы көреді» («Бақара сүресі, 195 - аят») делінген. Ал ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Адамдардың ең қайырлысы – адамдарға пайдасы тигені» деп өсиет қалдырды.