Аудандық Бәйдібек мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев Құмтиын ауылы, "Ботабай" мешітінде Пайғамбарымыздың дүниеге келген айының құрметіне орай "Әз Пайғамбар үмметіміз" тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында жамағатпен ақшам және құптан намаздарын бірге оқып, жамағаттың жағдайын сұрап, хал білісті. Кездесу соңында Ерлан Сәдуақасұлы бауырымыздың мына өлең шумақтары оқылды:
Білесің бе?
Кетерсің ау азғана өмір сүресің де!
Дүние үшін қуатты күш – жігерің,
Қу нәпсіңмен қауқарсыз күресуге!
Ақыр заман!
Боларын Құран Кәрім мақұлдаған!
Ақыреттік істерден аянбайды,
Кеудесінде иманы бар ақылды адам!
Күнәдан қаш!
Азаннан басқа әуенге құлақ қанбас!
Санамыз Аллах барын ескермесе,
Қабірде Ғажап Нұрлы шырақ жанбас!
Бақида шын!
Көрерсің Ұлы Хақтың ақидасын!
Нәпсінің тұзағынан шығу мұңлы,
Торласа жанарыңның сақинасын!
Батылдығың!
Шынайы Жаратқанға жақындығың!
Иманменен тоғысады қас – қағымда,
Жүретін сара жолы ақылдының!
Шын ұғайық!
Мұсылманға тек ар – иман, білім лайық!
Әз Мұстафа Пайғамбар үмметіміз,
Тура жолдан адасып, жығылмайық!
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


23 Қазан 2025
1 Джумада-авваль 1447

