Бірлесу-Еңбек ауылы, «Бірлесу-Еңбек» мешітінің молдасы Сакен Джолдасбеков мешіт жамағатына "Дәстүрдің діндегі рөлі" тақырыбында уағыз-насихат айтты. Ислам діні ұлтымыздың бітім-болмысы мен мәдениетінде дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарында өзіндік із қалдырған. Халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде сақталған діни дәстүрлер: сүндеттеу, неке қию, құрбан айт пен ораза айт, жарапазан, садақа, пітір беру, бата беру, тасаттық жасау діни жоралғылардың өміршеңдігін көрсетеді.
Келіннің ата-енесіне сәлем салуы құрмет болса, беташар рәсімі – некені жариялау, бесік тазалық пен денсаулық кепілі болса, дастарханда бас қосып дәрежемен орын алу ахлақ (әдеп) көрінісі. Сондай-ақ мазарлар мен кесенелер, мешіттер мен медреселер халқымыздың тарихында ұлт руханиятының асыл қазынасы ретінде қызмет атқарып келеді.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


23 Қазан 2025
1 Джумада-авваль 1447

