#Т.РЫСҚҰЛОВ: МЕДРЕСЕГЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: МЕДРЕСЕГЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Тереңөзек ауылдық «Таңат ата» мешітінің имамы Омаров Ерғалидің ұйымдастыруымен Тараз қаласы «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде оқып жатқан шәкірттерге 2 қой қайырымдылыққа берді. Демеушілік көрсеткен кәсіпкер азаматқа ауыл имамы алғыс айтып, малына береке тілеп, батасын берді.

Құранда Алла Тағала: «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» – деп бұйырады. Қайырымдылық  – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Кісінің айналасындағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екенінен байқалады. Қандай жағдай болмасын, мұсылман баласы өзінің рухани құндылығын сақтап, қысылтаяң жағдайда еш өзгерместен, белгілі мақсатты көздемей халыққа қол ұшын созуы қажет.

Қуаныш Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: