#Т.РЫСҚҰЛОВ: МӘУЛІТ ЖЫРЫ ОҚЫЛДЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: МӘУЛІТ ЖЫРЫ ОҚЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Түзелбеков Қуаныштың ұйымдастыруымен мәуліт кеші өтті. Мәулітке арнайы Жамбыл облыстық орталық мешіттің наиб имамы Мұрат Нұрлан және «Усмонжан баба» мешітінің имамы Баймаханов Ораз қонаққа шақырылды.

Кеште Нұрлан имам Пайғамбарымыздың өмір тарихынан уағыз-насихат айтты, Ораз имам мен Үмбет имам мәуліт жырын қазақша және араб тілінде оқыды. Мәулітке ауданның қадірлі ақсақалдары мен азаматтары, сонымен қатар мешіт жамағаты келіп, арнайы жайылған дастарқаннан дәм татып, рухани уағыз тыңдады.

Артынан келген жамағатқа діни сұрақтар қойып, дұрыс жауап бергендерге кітап сыйлыққа тарту етілді. Кейін аудан бас имамы келген қонақтар мен демеушілерге рақметін айтып, мәуліт айымен құттықтап, қысқаша насихат айтып, рухани кештің нүктесін қойды.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: