Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінің имамы Сабырханов Үмбет жұма намаздан кейін жамағатқа пәтуа сағатын өтті. Пәтуа сағатында энергетикалық сусындардың үкімі тақырыбын қозғады. Үмбет имам кеңінен түсіндіре келе соңында мынадай шешімін айтты.
- Сусынның құрамында шариғатта тыйым салынған нәрселер болмаса, оны қолдануға рұқсат.
- Алкогольды энергетикалық сусындарды ішу – харам.
- Энергетикалық сусындарды жиі қолданудың ағзаға қауіпті екені медицина тұрғысынан нақтыланған болса, оны қолдануға тыйым салынады.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі