Бүгін «Шалғынбайұлы Бейсенбай» мешітінің ауласындағы құрал – сайман сақталатын бөлмелерде тазалық жұмыстары жүргізілді. Шара барысында бөлмелер ретке келтіріліп, артық заттар шығарылып, жиналды.
Бұл игі істі мешіт ауласындағы тәртіп пен ұқыптылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, жамағатқа жайлы орта қалыптастыруға септігін тигізді.
Пайғамбарымыз «Тазалық – иманның жартысы» ‑ деп өсиет еткендей, жасалған бұл жұмыстар Алланың үйін көркейтіп, құлшылық орындарының абат болуына үлес қосты.
Халық даналығында: «Тазалық бар жерде – береке бар» деп айтылғандай, мұндай шаралар жамағатты ұқыптылық пен ұйымшылдыққа тәрбиелейді.