Тараз қаласы Мойынқұм ауданы Мойынқұм мешітінің бас имамы Ержан Көшкімбай жамағатқа биылғы шыққан ҚМДБ Қаулысы мен Пәтуа кітабының 4 – бөлімі туралы мәлімет берді.
Кездесу барысында ол 4 – бөлімде қамтылған діни үкімдер мен қоғамға қатысты мәселелерді түсіндіріп, жамағатқа практикалық тұрғыдан жол көрсетті. Әсіресе күнделікті өмірде мұсылманға қажет үкімдер мен діни ұстанымдарды дұрыс қолданудың маңызына тоқталды.
Имам Ержан Көшкімбай: «Қаулы мен пәтуалар – мұсылман қоғамының діни өмірін бір арнаға түсіріп, тәртіп пен бірлікті сақтауға бағытталған құжаттар. Оларды білу – әрбір мұсылман үшін маңызды» ‑ деп атап өтті.
Жамағатқа өз кезегінде қойылған сұрақтарына жауап алып, пайдалы мәліметке қанықты.