Мойынқұм: Отбасы – Отанның ұясы

Мойынқұм: Отбасы – Отанның ұясы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

    Тараз қаласы Мойынқұм ауданының Мойынқұм мешітінде бас имам Ержан Көшкімбай жамағатқа исламдағы отбасы құндылықтары жайында насихат айтты.

    Насихат барысында отбасының – қоғамның негізі, имандылық пен мейірімнің ошағы екені түсіндіріліп, ер мен әйелдің өзара сыйластығы, ата – анаға құрмет, балаға дұрыс тәрбие беру сынды мәселелерге тоқталды.

    Имам Ержан Көшкімбай: «Отбасы – Алланың аманаты. Ер мен әйел бір – бірінің кемшілігін жасырып, жақсы қасиеттерін арттыруға тырысса, отбасы берекелі болады» ‑ деп атап өтті.

    Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Сендердің ең жақсыларың – отбасына жақсы болғандарың» (Тирмизи) – деген хадисін мысалға ала отырып, отбасы құндылықтарын берік ұстанудың маңыздылығы жеткізілді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: