Тараз қаласы Айдарлы ауылының Кеңсе мешітінде имам Елубаев Бақытбек жамағатқа уақып жайында уағыз айтты.
Уағыз барысында уақыптың мән – маңызы, оның Ислам тарихындағы орны мен қоғамға тигізер пайдасы кеңінен түсіндірілді. Уақып – қайырлы істерге арналған садақа, мұсылманның артынан сауап болып жалғасатын амалы екені атап өтілді.
Имам Бақытбек Елубаев: « Адам баласы дүние салған соң үш нәрседен басқа амалдары тоқтайды: садақа, пайдалы ілім және артынан дұға қылатын ізгі ұрпақ» (Мүслім) хадисін мысалға келтіріп, уақып құрудың үлкен сауап екендігін жеткізді.
Жамағат өз кезегінде уақыптың артықшылығы мен пайдасы жөнінде тың мәлімет алды.