Мойынқұм: Ынтымақ ‑ ырыстың басы

Мойынқұм: Ынтымақ ‑ ырыстың басы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

    Тараз қаласы Мойынқұм ауданында имамдармен арнайы танысу жиыны өтті. Жиынға аудандық бас имам Көшкінбай Ержан қатысып, дін қызметкерлерімен танысты.

    Кездесу барысында аудан мешіттері жүйелі жұмыс істеу үшін 4 аймаққа бөлінді. Бұл шешім алдағы уақытта жоспарлы түрде іс – шаралар атқаруға, әр аймақ имамдарының өзара байланысын күшейтуге және жамағатпен жұмысты жандандыруға ықпал етпек.

    Имам Ержан Көшкінбай дін қызметкерлеріне бірлікте еңбек ету, жамағатқа жан – жақты қызмет көрсету және мешіттің қоғамдағы орнын арттыру бағытында маңызды кеңестер берді.

    Халық даналығында: «Ынтымақ бар жерде – ырыс бар» делінгендей, аталған қадам имамдар арасындағы ұйымшылдық пен бірлікті нығайта түсті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: