Жамбыл облысы Байзақ ауданы Байзақ ауылдық «Тілеш қажы» мешітінің жамағатына Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір баянынан сыр шертетін мәуліт жырын оқып, елдің амандығы үшін дұға жасады. Мешіт жамағаты пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауаттар айтып, сәлем жолдады.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Кімде кім маған бір салауат айтса, Алла оған он жақсылық береді», - деген.