Жамбыл облысы Байзақ ауданы Базарбай ауылдық «Базарбай» мешітінің имамы Ербол Қасқырұлының ұйымдастыруымен жиылған Базарбай ауылының тұрғындарына Дін мен Дәстүр кітабын насихатталды.
Ербол Қасқырұлы насихатында: «Қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық құндылықтарының рухани мұралары мен мәдениетінің дәріптелуі, Ислам діні мен қазақ халқының ұлттық дәстүрлері елімізге қаншалықты қажет екендігі, Ислам дінінің шынайы дәстүрлі арнасын түсіндіру мақсатында мұндай кітаптың насихатталуы аса қажет екендігін ескеріп, халықты ортақ құндылыққа біріктіріп, жастардың ұлттық болмыстан алыстап кетпеуі үшін «Дін мен Дәстүр» кітабы ата-баба жолын ұстанудың маңыздылығын береді», - деді.